Карантин кезінде Алматыда 48 дәріхана жұмыс істеп тұрады. Оларда сатылатын медициналық бетперденің бағасы белгіленген тәртіппен сатылады деп хабарлады қала әкімінің орынбасары Сапарбек Тұяқбаев. Бұл туралы Интерфакс-Казахстан жазды.
« Алматыда логистикалық жағынан қолайлы аймақтарда 48 дәріхана жұмыс істеп тұрады. Ол жерге күнде 80 мың медициналық бетперде жеткізіп тұрамыз. Бағасы қатаң бақыланып тұрады. Үш қабатты бетперде – 87 теңге, бұрышты маска – 111 теңгеден сатылады. Осы бағадан асырып сатқандарды қатаң жазалаймыз »,- деп атап өтті полиция бастығы