Ресурстар

Бір тәулікте елімізде қанша коронавирус тест сынақтары жасалады

Қазақстанда 10 жаңа зертхана жұмысқа кіріседі

Қазақстанда коронавирусты тексеруге арналған 10 жаңа зертхана ашылады, -деп мәлімдеді Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов.

 «Қазір Қазақстанда тест сынақтарын өткізетін 19 зертхана бар, олар күніне 6 мың  тест сынақ өткізе алады. Біз Нұр-Сұлтанда қосымша үш зертхана ашамыз. Біреуі қазірдің өзінде ашық, тағы екеуі осы аптада іске қосылады. Үшеуі Алматыда ашылады. Барлығы 10 зертхана », – деді Біртанов брифингте.

«Қазір Қазақстанда 300 мың тест сынақ бар. Төтенше жағдайды қамтамасыз ету жөніндегі мемлекеттік комиссияның шешіміне сәйкес, жақын арада тағы 300мың тест сатып алынады », – деді министр.

Денсаулық сақтау министрлігі  коронавируспен ауыратын науқастармен жұмыс істейтін дәрігерлер үшін резервтер құруда. Қазіргі уақытта, бұл жұмысқа 16 мың қазақстандық дәрігер тартылды. 

Оның айтуынша, елімізде коронавируспен күресу үшін медицина қызметкерлерінің жеткілікті саны – 70 мың дәрігер. Сонымен қатар, 140 мың кіші медициналық қызметкерлер.