Қазақстанда тағы бір адам коронавирустан қайтыс болды

Жарияланды
Ол Нұр-Сұлтан қаласының тұрғыны

Елімізде тағы бір адам коронавирустан қайтыс болды. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласы денсаулық сақтау басқармасының басшысы Сәуле Кисықова мәлімдеді. 

51 жастағы пациент 21 наурыз күні ауруханаға жатқызылған. Бір ай бойы ауырып жүргенімен, медициналық көмекке жүгінбеген. Жұмыс барысында іссапарға жиі шығып тұрған.   

«Аурумен тікелей байланста болған 31 адам ауруханаға жатқызылды. 55 адам үй карантинінде. Отбасындағы екі адамнан коронавирус анықталды»,- деді басқама басшысы. 

Бүгін коронавирус індетін жұқтырған тағы 17 адам тiркелді. Нұр-Сұлтан қаласында – 2, Алматы қаласында – 9 адам, Қызылорда облысында – 3 адам, Атырау облысында – 1 адам, Ақтөбе облысында -1 адам, Солтүстік Қазақстан облысында – 1 адам. Жалпы саны 325 болды. 

Сондай-ақ оқыңыз