Мемлекеттік комиссияның шұғыл штабының мәліметінше, ҚХР дәрігерлері өздерінің коронавирус инфекциясын анықтау және емдеу алгоритмін жариялады:
1. Науқастың бұрыннан бар ауруларын зерттеу;
2. Науқастың жалпы жағдайын бағалау;
3. Байланыста болған адамдардың дене температурасын үздіксіз өлшеу;
4. Қандағы лимфоциттердің жоғарылуы немесе төмендеуін талдау мониторингі;
5. Диагноз тек ПТР жүйелерімен тестілеу арқылы ғана расталады.
Бүгін де Қытайлық дәрігерлер отандық дәрігерлермен телеконференция форматында өз емдеу тәсілдерімен бөлісті. Ертең олар коронавирусты емдейтін препараттарды қолдануды бастайды.