Жаңалықтар

Алматы қаласында тағы бірнеше адамнан коронавирус анықталды

Соңғы деректерге шолу

Осы сағаттағы соңғы дерек бойынша, елімізде коронавирус  тағы  10 адамнан анықталған. Оның жетеуі – Алматы қалсының тұрғындары, деп хабарлайды coronavirus2020.kz сайты. 

Қазақстан бойынша барлығы 961 адам вирус жұқтырған.

Соның ішінде 99 дама жазылып шықса, 10 кісі қайтыс болды. 

Дүние жүзінде  1 853 155 адам вирус жұқтырса, соның 114 247-і көз жұмып, 423 625 кісі аурудан жазылып шыққан. 

Айта кетейік, еліміздің ірі қалаларында енгізілген карантин сәуірдің соңын дейін ұзартылған еді. 

«Төтенше жағдай режимін, кем дегенде, сәуірдің аяғына дейін созуға тура келетіні қазірдің өзінде түсінікті болып отыр. Біз коронавируспен ауырудың шарықтау шегін әлі өткізген жоқпыз. Індетке қатысты жағдайды жеңілдетуге болмайды.

Осы себепке байланысты карантин режимін елордада, Алматы мен Шымкентте және тиісті облыстарда сәуірдің аяғына дейін созуды тапсырамын. Мұның оңтайлы шешім емес екенін түсінемін. Өйткені халық көшеге шығып, қалыпты тұрмысын жалғастырғысы келеді. 

Бірақ карантин режимін сақтаудан, оқшауланудан басқа жол жоқ. Бұл отандық және халықаралық вирусолог мамандардың ұсынысы», – деді мемлекет басшысы ТЖ бойынша мемлекеттік комиссия отырысында.

COVID-19 коронавирус инфекциясы Қазақстанда 13 наурызда анықталды. 16 наурызда Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығы бойынша  елімізде төтенше жағдай режимі енгізілді, 19 наурыздан бастап Нұр-Сұлтан мен Алматы карантинге жабылды. 
 

Сондай-ақ, Алматыда жұмыссыз режим 30 сәуірге дейін ұзартылды. Алматы қаласы әкімдігі жанындағы төтенше жағдай жөніндегі Жедел штаб шешімімен барлық кәсіпорындар мен ұйымдардың жұмысы тоқтатылды. Қаланың қалыпты өмірін қамтамасыз ететін ұйымдарға ғана рұқсат берілген. Осы күнге дейін рұқсат алған және мәліметтер базасына енген компаниялар қалада кедергісіз жүре алады.