56 жастағы Ақтөбелік азаматша карантин кезінде жалған ақпарат таратқаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды, – деп хабарлайды Polisia.kz сайты.
Әлеуметтік желілерге мониторинг жүргізу барысында полицейлер 56 жастағы Ақтөбедегі қоғамдық көлік тасымалдау компаниясының қызметкерін анықтады. Ол ватсап мессенджерінде жалған ақпарат таратқан.
Аудио жазбада әйел Ресей Федерациясының шекарасынан Ақтөбеге қоғамдық көлік автобустарымен 500 адамды әкелді деген. Сонымен қатар, бір топ студенттер күтілуде және КВИ-мен ауыратындардың саны статистика бойынша әлдеқайда көп және ауруханалар толы деген ақпарат таратқан.
Алайда, бұл ақпарат шындыққа сәйкес келмейді. Әйелге ҚР ӘҚБтК-нің 478-бабы бойынша хаттама толтырылды. Ақтөбе қаласының мамандандырылған әкімшілік соты 40 АЕК көлемінде айыппұл салды. Ақтөбе облысының Полиция департаменті азаматтардан жалған ақпарат таратпауды жане тек ресми дерек көздеріне сенуді сұрайды.