«1000 теңдеден төмен емес»: неге алманың бағасы қымбаттап кетті

Жарияланды
Businness news бөлімінің тілшісі
алма бағасы
Алманың бағасы қымбаттап кетті/фото: kursiv.media

Ел тұрғындары дүкен сөрелерінде 1000 теңгеден төмен бағада алма сатып ала алмайтындарын айтты. Ал базарда алма келісі 800 теңге, бірақ сапасы нашар. Тіпті сатушылардың өзі бұл рекордтық көрсеткіш деген пікірде. Сауда министрлігі бағаның шарықтауына байланысты түсініктеме берді.

Министрлік жауабына сай, Қазақстан нарықтық экономика жағдайында өмір сүреді, яғни, тауарлар мен қызметтердің бағасын кәсіпкерлер сұранысқа, ұсынысқа және шығындарға байланысты өздері белгілейді. Алайда, мемлекет халық үшін ең маңызды азық-түлік түрлерінің бағасын бақылауда ұстайды.

Алма бағасы неге шарықтап тұр?

Қазіргі уақытта жеміс-жидек, соның ішінде алма бағасының өзгеруіне бірнеше себеп бар. Күз бен қыс мезгілінде нарықта отандық алма көп болғандықтан, баға тұрақты болады. Ал көктемде елімізде алма қоры азайып, баға өсе бастайды.

Қазіргі таңда нарықтағы сұраныстың бір бөлігі Қытайдан келетін өніммен жабылып жатыр. Сырттан келетін алманың бағасы отандық өнімнен қымбатырақ.

Маусым-шілде айларында нарыққа еліміздің жаңа өнімі шыға бастайды. Сол кезде баға қайта тұрақталуы мүмкін. Жалпы, дүкен сөрелеріндегі баға тек өнімнің өзіне ғана емес, жиналған өнім көлеміне, тасымалдау шығындарына және сыртқы нарықтағы жағдайға тікелей байланысты.

Мемлекеттік бақылау

Сауда және интеграция министрлігі бағаны тұрақтандыру бағытында тұрақты жұмыс жүргізіп келеді. Егер баға негізсіз өсіп кетсе, мемлекет тарапынан қосымша шектеу шаралары қолданылатынын мәлімдеді.

Әлеуметтік тауарлар тізімі кеңейді

Халықты қолдау мақсатында биылдан бастап әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының тізімі 19-дан 31-ге дейін ұлғайды. Бұл тізімге қазір кез келген сорттағы және кез келген елде өндірілген алмалар да кірді. Тізімді «Әділет» нормативтік құқықтық жүйесінен көруге болады.

Сондай-ақ оқыңыз