Жаңалықтар

Беларусь індеттің барын әлі де жоққа шығаруда

Бұл елде карантин режимі енгізілген жоқ

Беларусь елде індеттің барын әлі де жоққа шығаруда. Бұл туралы Мемлекеттік комиссияның шұғыл штабы хабарлайды. 

 

Алайда коронавирус инфекциясын жұқтырғандардың саны күн сайын өсіп келеді.

 

Адамдар көп жиналатын орындар, соның ішінде кейбір шіркеулер мен монастырьлар әлі жабылмаған. Пасхада көптеген адамдар вирустың иконаны сүю арқылы берілетініне сенбей, ғибадатханаға барған.

 

Соңғы мәліметтер бойынша Беларусьте коронавирус инфекциясын жұқтырғандар саны 13 мың адамнан асты. Айта кету керек, бұл елде карантин режимі енгізілген жоқ.