Жаңалықтар

Полицейлердің ата-аналары балаларына қолдау көрсетті 

Блок –пост бекеттер штаттық режимде жұмыс істеуде

Алматы облысының пост-бекеттерінде қызмет ететін полицейлердің ата-аналары балаларына қолдау көрсетті, – деп хабарлайды Polisia.kz сайты. 

Алматы маңында орналасқан полиция тосқауыл-бекеттері штаттық негізде жұмыс істеп жатыр. Күн сайын тосқауыл-бекеттерге 300-ден астам полиция қызметкері жұмылдырылады.

  «Карантиндік шаралардың босаңсуына қарамастан, Алматы қаласының сыртқы периметрі әлі де мұқият бақыланады. Жұмыс ерекшелігі мен алдыға қойылған міндеттер ескеріле отырып, тосқауыл бекеттерге полицияның үздік және жауапты қызметкерлері түседі. Олар тек функционалдық міндеттерді орындап қана қоймай, сондай-ақ жоғары азаматтық позицияға ие болулары қажет», – дейді Қарасай аудандық Полиция басқармасының басшысы Асхат Данияр.