Блогер әрі заңгер Әділетхан Молдахан қамауға алынды
Жарияланды
(жаңартылды )

Танымал блогер, заңгер әрі қоғам белсендісі Әділетхан Молдахан құқық қорғау органдары тарапынан ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Бұл туралы заңгердің көмекшілері хабарлады.
Адвокаттың айтуынша, Әділетханға Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 274-бабы (көрінеу жалған ақпарат тарату) бойынша айып тағылып отыр.
Аталған іс бойынша тергеу амалдары жүргізіліп, қажетті жедел-тергеу шаралары қолға алынған.
Айта кетейік, Әділетхан Молдахан Алматыда Әл Фараби даңғылындағы адам өліміне әкеп соққан жағдайға байланысты әділ тергеуді талап етіп, видео түсірген еді.