Жаңалықтар

Алматыда көлік жүргізушісі блок-бекетті соғып өтпекші болған

Екі полиция қызметкері қайтыс болды

Алматыда 25 мамырда таңғы сағат 05:26-да көлік жүргізушісі алдымен бетон қоршауды соғып, содан кейін инерциямен патрульдік көлікке барып тиген, соның салдарынан салонында отырған екі полиция қызметкері қайтыс болды. Бұл туралы Алматы қаласының Полиция департаменті хабарлады. 

«Сағат 05: 26-да Алматы облысы, Қарасай ауданы, Көксай ықшамауданында, Жаңа Ғасыр көшесімен қиылыста, Қожабекова көшесімен солтүстік бағытта келе жатқан 1992 ж.т., «БМВ» маркалы автокөліктің жүргізушісі, қала тұрғыны А. есімді азамат #4 бақылау-өткізу бекетіне соқтығысты: алдымен бетон қоршауға барып тиген, содан кейін инерциямен патрульдік көлікке соқтығысқан, оның салонында екі полиция қызметкері болды», – деп хабарлайды полиция департаменті.

Өкінішке орай, патрульдердің бірі, 42 жастағы полиция аға лейтенанты Жалғас Жанғазиев алған ауыр жарақатынан жедел жәрдем келгенге дейін қайтыс болды. Оның әріптесі, полиция сержанты Дастан Абдықанов жақын жерде орналасқан ауруханаға өте ауыр жағдайда жеткізілді.

Жеке іс материалдарынан: Жанғазиев Жалғас Сұлтанғазыұлы, 1978 жылы туған, Батыс Қазақстан облысының тумасы. Құқық қорғау органдарында 2001 жылдан бастап қызмет етті. Үйленген, екі қыз тәрбиелеп отырған. (оқиға орнында қайтыс болды)

Полиция сержанты Әбдіканов Дастан Маратжанұлы, 1994 жылы туған, Алматы қаласының тумасы. Ол полицияда 2016 жылдан бері қызмет еткен. Үйленген, бір қыз тәрбиелеп отырған (1 айлық) (ауруханада қайтыс болды).

«БМВ» жүргізушісі қамауға алынды. Бұл факті бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.