Тоқаев оқулықтарды тезірек электронды форматқа көшіруді тапсырды
Қашықтықтан оқыту мәселесін заңнамалық деңгейде реттеу туралы мәселе көтерілді.
Бүгін мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің 3-отырысында, карантин мен оқшаулау режимін енгізу елімізде қашықтықтан білім берудің жұмысқа қабілетті жүйелері толық көлемде жоқ екенін айтты,-деп хабарлайды CORONAVIRUS2020.KZ телеграм арнасы.
Болашақта мұндай дағдарыстар қайталануы мүмкін. Қашықтықтан оқыту мәселесін заңнамалық, сондай-ақ әдіснамалық, ұйымдастырушылық деңгейде де жеделдетіп реттеу қажет.
Қашықтықтан оқытуға көшу кезінде ең маңызды құралдардың бірі электрондық оқулықтар болып табылады.
Білім және ғылым министрлігі оқулықтарды осы ведомствоға өтеусіз пайдалану құқығын бекіте отырып, сандық форматқа кезең-кезеңмен көшіру жоспарын әзірлеуі тиіс,-деді президент.