Ресурстар

Университеттер электронды диплом беретін болды

Дипломды растауға жұмсалатын уақыт пен ресурстар үнемделеді

Биыл жоғарғы оқу орындары (бакалавр, магистр, PhD) мен колледж түлектеріне дипломның электронды нұсқасы беріледі, сонымен бірге қағаз диплом да сақталады, -деп хабарлайды Білім және ғылым министрлігінің ресми Telegram-каналы. 

 1992 ж. бастап берілген 2,5 млн диплом цифрландырылды.

 1976-1992 жж. берілген дипломдар жыл соңына дейін цифрландырылатын болады.

Цифрландыру не үшін қажет?
Дипломды растауға жұмсалатын уақыт пен ресурстар үнемделеді.

Мемлекеттік үлгідегі жалған дипломдардың айналымы жойылады.

Жұмыс берушілер жұмысқа орналасуға үміткерлердің біліктілігі туралы шынайы ақпаратпен қамтамасыз етіледі.

Түлектер туралы шынайы ақпаратпен қамтамасыз ету есебінен білім беру сапасы артады.

Барлық білім беру ұйымдарына құжаттарды қабылдау автоматтандырылды