⠀»Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне лотереялар және лотерея қызметі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының заңына қол қойды», – делінген хабарламада. Бұл туралы ЖаңалықтарKZ телеграм каналы хабарлады.
⠀
Бұған дейін мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова қазақстандықтарда арнайы келісімшарт болмаса, әлеуметтік желіде лотерея өткізуге тыйым салатынын айтқан болатын.
⠀
«Лотерея және лотерея қызметі туралы заң жобасында лотерея операторынсыз, лотерея өткізу туралы келісімшарт жасалмай өткізілетін кез келген ойын заңсыз болып есептеледі және лотерея болып есептелмейді», – деген болатын министр Райымқұлова Instagram-да лотерея ойнатуға тыйым салына ма деген сұраққа жауап беріп.
⠀
Сондай-ақ Instagram және басқа да әлеуметтік желілердегі блогерлер түрлі конкурс және ұтыс ойынын өткізетіні туралы айтылғанда, министр «заң бойынша мұны лотерея деп атауға болмайды. Лотерея болмай, солай аталып жасалатын шаралардың жарнамасы тергеледі және жауапқа тартылады. Ұтыс ойындары лотерея деп аталмау керек. Бұл мүлдем басқа нәрсе» деген болатын.
Сонымен қатар, бүгін Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне соғыс жағдайы мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының заңына қол қойды.