Симптомсыз вирус тасымалдаушылар қалай бақыланады?

Жарияланды 23 Маусым 2020 06:50

Гульвира Бигалиева

Гульвира Бигалиева

Редактор

ҚР мемлекеттік бас санитарлық дәрігері Айжан Есмағамбетованың айтуынша, симптомсыз адамдар алдын ала анықталғаннан кейін қолхат алынады.

Қолхатта карантиндік талаптарды сақтау туралы, өзін-өзі оқшаулау сияқты талаптар бар. Оны ескермеген жағдайда, әкімшілік жауапкершілікке тартылып, айыппұл салынады. Егер де симптомсыз КВИ тасымалдаушының басқа біреуге жұқтырғаны анықталса, онда қылмыстық заңнамаға сәйкес, «қасақана жұқтыру» фактісі ретінде саналады. Оның бұл пікірі CORONAVIRUS2020.KZ телеграм арнасында жарияланды.

Қазіргі таңда симптомсыз вирус тасымалдаушылар арнайы байланыс құралдары арқылы бақылауға алынған.

Сондай-ақ оқыңыз