77 тестілеу пунктінде 12 581 адам қатысады деп жоспарланды. Оның 96%-ы тест тапсырды. Бұл туралы ҚР Білім және ғылым министрлігінің ресми Telegram каналы хабарлады.
Ережені 136 адам бұзған, бұл көрсеткіш үшінші лектің қорытындысымен салыстырғанда әлдеқайда төмен. 9 түлектің қызуы көтерілді, олар ҰБТ-ны басқа күні тапсыра алады.
ҰБТ-ны өткізу процесін бақылаудың нашар болуына байланысты екі аймақтағы мемлекеттік комиссия құрамынан 20 адам шығарылды. Мемлекеттік комиссиялардың жаңа мүшелері болып қоғам қайраткерлері, облыстың белсенді мұғалімдері, БАҚ және ҮЕҰ өкілдері бекітілді.
«Түркістан облысында орналасқан екі пунктіде (Шәуілдір ауылы, Жетісай қаласы) және Шығыс Қазақстан облысындағы екі пунктіде (Аягөз қаласы, Ақсуат ауылы) ұялы байланыс сигналдарын тежеуіштердің істен шығуына және бейне-трансляцияның өшуіне байланысты емтихандар басқа күнге ауыстырылды. Бұл пунктерде талапкерлер 27 маусым (Аягөз қаласы, Ақсуат ауылы, Шәуілдір ауылы) және 2 шілде күндері (Жетісай қаласы) тестілеуді тапсыру мүмкіндігіне ие болады және білім беру гранттарын тағайындау конкурсына қатыса алады», – делінген хабарламада.
Естеріңізге салайық, биыл мектеп бітірушілері мемлекеттік емтихандарды тапсырудан босатылды, талапкерлерге калькулятор пайдалануға рұқсат берілді, сондай-ақ тестілеу уақыты ұзартылды.