ҚР Премьер-министрінің орынбасары Ералы Тоғжанов бирифинг кезінде дәрі-дәрмек нарығын ақша табу көзіне айналдырғандар қатаң жазаланатындығы туралы айтты. Бұл турал CORONAVIRUS2020.KZ Telegram каналы хабарлады.
«Шымкент қаласында осындай пиғылмен жұмыс жасаған бір азамат қолға түсті. Сондықтан осындай нақты іс-шаралар бүкіл Қазақстан бойынша жүргізілетін бүкіл азаматтардың бәріне, әсіресе осы дәрі-дәрмектің айналасындағы жағдайды ескере отырып, пайда тауып қалуды көздейтін азаматтарды ескертіп айтқым келеді», -деді Ералы Тоғжанов.
«Бұл тікелей Президенттің қарауындағы сұрақ. Сондықтан осы жағдайды ескеріңіздер. «Кемедегінің жаны бір ғой», сондықтан бір-бірімізді қолдап, бір-бірімізге нақты шешімі бар жолдармен жүргеніміз дұрыс болар»,-деді ҚР Премьер-министрінің орынбасары.
Елімізде қажетті дәрі-дәрмектерді толықтыру үшін шаралар қабылдануда.
«Халықты толғандыратын мәселелер аз емес. Оның ішінде негізгі мәселе – дәрі-дәрмектермен қамтамасыз ету. Қазақстанда 8 мыңнан аса дәріхана бар. Отандық өндіріс есебінен олардың барлығын қамтамасыз ету деңгейі 13 % деңгейінде, қалғанын сырттан, импорт арқылы енгізіп отырмыз»,-деді Ералы Тоғжанов.
Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, қажетті дәрі-дәрмектермен толықтыру үшін мынадай шаралар қабылданады:
*Бір тәулік ішінде дәрілік заттарды әкелуге біржолғы рұқсат беруге өтінімдер қаралуда.
*Дәрі-дәрмектерді сертификациядан және сертификат берудің жеделдетілген рәсімдері қолданылды.
*Әкімдіктермен бірлесіп көтерме сауда қоймаларын, дәрі-дәрмектердің қоры және бағасын көтермелеуге жол бермеу үшін жеке дәріханаларды аралап өтетін арнайы мониторингтік топтары құрылды.
*Қызуды төмендететін антибактериалды вирусқа қарсы препараттармен емдеуді тек емдеуші дәрігердің ұсынысымен жүзеге асырударыңызды сұраймыз.
Назар аударатынымыз, өз бетімен емделу өздеріңіз де қауіпті екенін білесіздер.