Дәрінің қымбатқа сатылу фактісін кез-келген адам тіркей алады
Әлеуметтік маңызды дәрілік заттарға шекті бағаның бұзылу фактілерін қайда хабарлауға болады? Бұл туралы ҚР ДСМ Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитетінің төрағасы Тимур Сұлтанғазиев айтты, деп хабарлайды coronavirus2020.kz.
Көтерме және бөлшек сауда үшін белгіленген шекті бағасы бар 6 478 дәрілік заттың тізбесі бекітілген.
«Қазақстандықтар дәрілік заттардың бағасын көтеру туралы ДСМ тауарлар мен көрсетілген қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитетінің аумақтық департаменттеріне, электрондық үкімет порталы немесе «DariKz» мобильдік қосымшасы арқылы жүгіне алады. Мобильдік қосымша арқылы азаматтар әр препараттың шекті бағасын біліп, нақты препаратқа штрихтеу жүргізіп, шағымды Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитетіне жібере алады», – деді Тимур Сұлтанғазиев.