Ресурстар

Қызылқоға ауданында дала өрті азаяр емес

Өрттен зардап шеккендер жоқ

Қызылқоға ауданында дала өртінің төртінші оқиғасы орын алды, – деп хабарлайды Polisia.kz сайты.

Атырау облысы Қызылқоға ауданы Миялы ауылынан 60 шақырым жерде құрғақ шөп өртеніп жатқаны туралы хабар келіп түсті. Оқиға орнына жеткен кезде жалпы ауданы 5 мың гектар Ойтан, Лұқпан, Қазанқап, Теміршағыл, Айыртау учаскелері жанып жатқаны анықталды. 

Атырау облысы ТЖД «Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі» ММ жеке құрамынан жеті адам мен бір бірлік техника, сондай-ақ ерікті өрт сөндіру құралымдарынан 29 адам мен 11 бірлік техника күшімен  өрт сөндірілді.

Зардап шеккендер жоқ. Атырау облысы ТЖД ескертеді! Табиғатты қорғаныңыздар! Өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтаңыздар!