Ресурстар

Магистратураға кешенді тестілеуге өтініштерді қабылдау уақыты ұзартылды

19 шілдеге дейін қабылдайды

Магистратураға түсуге арналған кешенді тестілеуге қатысу үшін өтініштерді қабылдау мерзімі 19 шілдеге дейін ұзартылды. Бұл туралы ҚР Білім және ғылым министрлігінің ресми Telegram каналы хабарлады. 

Карантин режимі жағдайында азаматтарға ыңғайлы болу үшін магистратураға түсуге арналған кешенді тестілеуге қатысу үшін өтініштерді қабылдау мерзімі 19 шілдеге дейін ұзартылды. 

Өтініштерді ҚР БҒМ Ұлттық тестілеу орталығының сайты арқылы https://pvo-zayav.testcenter.kz жоо қабылдау комиссиялары қабылдайды. 

Кешенді тестілеу электронды форматта 1-15 тамыз аралығында өткізіледі.

Кешенді тестілеудің қорытындылары бойынша тестіленушінің жеке кабинеті арқылы электронды форматта куәлік беріледі. 

Магистратура бойынша білім беру грантын тағайындау конкурсына қатысу үшін өтініштер 16-20 тамыз аралығында қабылданады.