Мақтарал ауданына өкпені жасанды желдеткіш аппараты берілді
Жарияланды
“Тыныс” зауытында биыл осындай 680 аппарат шығару жоспарланған
Короновирустық пандемияға қарсы іс-шаралар аясында «Қазақстан инжиниринг» ҰК» АҚ-сы Түркістан облысының Мақтарал ауданына «Көкшетау 4П» өкпені жасанды желдету қондырғыларының 10 жиынтығын тегін берді. Бұл туралы ҚР индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Telegram каналы хабарлады.
«Көкшетау-4П» аппараты өзінің сан қырлы қызметін жедел жәрдем машинасында да, жансақтау бөлімінде де атқара береді.
«Қазақстан инжиниринг» ҰК-ның еншілес кәсіпорны болып табылатын «Тыныс» зауытында биыл осындай 680 аппарат шығару жоспарланған.
Бүгінгі таңда ҚР Денсаулық сақтау министрлігіне 91 ӨЖЖ аппаратын тегін берілді.