Ресурстар

42 500 теңгеге өтінімдер қабылдау басталды

Өтінімдерді қабылдау кезең-кезеңмен жүзеге асырылады

Бұған дейін хабарланғандай, азаматтарға ыңғайлы болу үшін өтінімдерді қабылдау кезең-кезеңмен жүзеге асырылатын болады. Бұл туралы ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінiің баспасөз қызметі хабарлады, деп жазды coronavirus2020.kz.

16 шілдеден бастап бірыңғай жиынтық төлемді төлеушілер болып табылатын адамдар үшін sms-хабарламаларды жіберу арқылы біржолғы төлемді тағайындау бойынша проактивті қызмет көрсету жүзеге асырылады. Осы санаттағы, проактивті қызметті пайдаланбаған азаматтар үшін өтінімдерді қабылдау проактивті қызметті көрсету аяқталғаннан кейін жүзеге асырылады.

17 шілдеде жеке кәсіпкерлерден, азаматтық-құқықтық сипаттағы шарттар бойынша табыс алатын адамдардан және жеке практикамен айналысатын адамдардан өтінімдер қабылдау басталды.

Өз қызметкерлеріне өтінім беретін жұмыс берушілер (заңды және жеке тұлғалар) үшін өтінімдерді қабылдау 19 шілдеден басталады.

Келесі арналарды пайдалана отырып, өтініш беруге болады:
– egov.kz – «электрондық үкімет» веб-порталы;
– 42500.enbek.kz порталы;
–  telegram-bot-тар;
– Aitu мессенджеріндегі 42500.enbek.kz қосымшасы;
– екінші деңгейдегі банктердің мобильді қосымшалары мен интернет-ресурстары.

Өтінімдерді қабылдау 2020 жылдың 1 қыркүйегіне дейін жалғасады.