Ресурстар

«50 мың теңге жәрдемақы алу үшін БЖТ төлеу керек» деген хабарламаны министрлік жоққа шығарды

Жалған ақпарат таратқандар жауапкершілікке тартылады

Мессенджерлерде 50 мың теңге мөлшерінде жәрдемақы тағайындау үшін екінші деңгейдегі банктердің әртүрлі шоттары арқылы бірыңғай жиынтық төлемді төлеуді жүзеге асыру қажеттілігі туралы таратылған ақпарат шындыққа сәйкес келмейді.  Бұл туралы ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметі жоққа шығарды, – деп хабарлады coronavirus2020.kz. 

Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Қазақстанда БЖТ-ны мәжбүрлеп аударуға «байланыстырылған» ешқандай жәрдемақылар, төлемдер жоқ деп хабарлайды.

Азаматтардан жалған ақпаратқа назар аудармауын және ақпаратты тек ресми көздерден ғана алуын сұраймыз.

Естеріңізге сала кетейік, Қазақстан Республикасының заңнамасымен жалған ақпаратты таратқаны үшін жауапкершілік қарастырылған.