Норвегияның зейнетақы жүйесі туралы 5 дерек
Норвегияның зейнетақы жүйесі үш деңгейден тұрады: мемлекеттік сақтандыру жүйесі, жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жоспарлары және ұжымдық зейнетақы жоспарлары, ерікті жинақтар. Бұл туралы «БЖЗҚ» АҚ-ның ресми Telegram арнасы хабарлады.
Жарна мөлшерлемелері: жалға қызмет атқаратындар үшін 8,2%, өз бетінше жұмыспен айналысушылар үшін 11,4%, зейнеткерлер үшін 5,1%.
Зейнетақы сақтандыру жүйесі, шын мәнінде, үйлестіруші жүйе болып табылады, яғни мемлекеттік зейнетақы ағымдағы салықтық түсімдер есебінен қаржыландырылады, бірақ жарналар мен шартты-жинақтаушы шоттар белгіленіп тұрады
Мемлекеттік сақтандыру жүйесінен төлемдерге толық зейнетақы құқығын алу үшін 40 жыл бойы осы жүйенің қатысушысы болуы керек
Норвегияда зейнетақы жасы 62-ден 75 жасқа дейін (орташа 67 жас) болғандықтан, адам зейнетке шығу жасын, төлем мөлшері мен жұмыс істеу мерзімін өзі анықтауға құқылы.