Асқар Жұмағалиев қызметінен босатылды, деп хабарлайды Президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли Facebook парақшасында.
«Мемлекет басшысының Жарлығымен Асқар Қуанышұлы Жұмағалиев Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі қызметінен босатылды», – деп жазды Берік Уәли Facebook парақшасында.