Білім беру гранттарын тағайындау конкурсына өтініш тапсыру 30 шілдеге дейін ұзартылды
Талапкерлердің өтініштері бойынша БҒМ білім беру гранттарын тағайындау конкурсына қатысу үшін құжаттарды қабылдау мерзімін 30 шілдеге (қоса есептегенде) дейін ұзарту туралы шешім қабылдады. Бұл туралы ҚР Білім және ғылым министрлігінің ресми Telegram-каналы хабарлады.
Грантқа құжаттарды 2 жолмен тапсыруға болады:
eGov арқылы (бейне-нұсқаулықтар парақшамызда көрсетілген);
Жоо-ның виртуалды қабылдау комиссиясы арқылы (талапкерлердің бейне өтініші бойынша жоо-лардың виртуалды қабылдау комиссияларының қызметкерлері оқуға түсушімен бірге өтінішті толтырады, барлық сұрақтарға жауап береді және қажетті білім беру бағдарламасын таңдауға көмектеседі).
Барлық жоо-лардың тізімі және олармен хабарласу тәсілдері туралы ақпаратты төмендегі сілтеме арқылы жүктеп алуға болады.
Конкурстың нәтижелері 15 тамызға дейін белгілі болады.