Ресурстар

Екі апта ішінде жедел жәрдемді шақырулар саны 23%-ға азайды

COVID-19 жұқтырудың тәуліктік өсімі 2,1%-ға дейін төмендеген

Екі апта ішінде жедел жәрдемді шақырулар саны 23%-ға азайды. Бұл туралы ҚР Премьер-Министрі Асқар Маминнің төрағалығымен өткен Үкіметтің селекторлық отырысында ҚР Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой баяндады, деп хабарлайды primeminister.kz. 

Министр хабарлағандай, соңғы аптада COVID-19-пен ауыру және одан өлім-жітім санының тұрақтану беталысы байқалады. Ауруға шалдығу деңгейі тәулігіне 1500-1600 адам деңгейінде.

    «Ағымдағы айдың үш аптасында жалпы төсек-орын қоры 30,4 мыңнан 49,7 мың инфекциялық және провизорлық төсек-орынға дейін ұлғайтылды. Төсек-орын қорының өсуі 19,3 мың бірлікті құрады. Оның ішінде қосымша 5,3 мың инфекциялық төсек-орын қарастырылды. Осының арқасында мұқтаж пациенттерге медициналық көмектің қолжетімділігі айтарлықтай артты», — деді Алексей Цой.

Провизорлық стационарларда қосымша ашылған 14 мың төсек-орын есебінен қамтудың қиын деңгейінен (89%) 20%-ға төмендеп, 69% құрады. Қазіргі таңда реанимациялық төсек-орынның бос болмауы 67% құрайды. Карантин енгізілгенге дейін бұл көрсеткіш 91% құраған еді. 

Денсаулық сақтау министрі нақтылағандай, Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау мақсатында, қазіргі кезде COVID-19 және пневмонимен ауырған пациенттерді емдеу үшін қажетті стационарлық төсек-орындар саны жеткілікті. 

Амбулаторлық деңгейде үйде медициналық көмек көрсету үшін 2962 БМСК мобилді бригадасы құрылды. Ағымдағы айдың соңына дейін мұндай бригадалар саны 3 500-ге дейін жеткізілетін болады.

Емханалардағы Call-орталықтардың саны 16%-ға артты, олардың жұмысына білікті дәрігер-кеңесшілер, фельдшерлер және медициналық жоғары оқу орындарының студенттері тартылған.

    «Бүгінгі күні инфекциялық және провизорлық стационарларда 1 958 ӨЖЖ аппараты бар, әкімдіктермен бірлесіп қосымша 4 183 аппарат сатып алынады (оның ішінде 3105 отандық тауар өндірушіден), сондай-ақ 21 мыңнан астам төсек-орын оттегіге қосылады, оның ішінде 17 762 төсек-орын оттегі концентраторларымен, 6237-сі – демеушілердің есебінен оттегіге қосылады», — деді Цой.

Тәулігіне 32 мың тест өткізу қуаты бар 59 мемлекеттік және жеке зертхана іске қосылды. Бір рет пайдаланылатын медициналық үш қабатты масканың шекті бөлшек бағасы 28%-ға төмендетілді. Бірінші желі қызметкерлерінің (медицина қызметкерлері, құқық қорғау органдарының қызметкерлері) тамыз айын қоса алғанда жеке қорғаныш құралдарының резерві қалыптастырылды. Үкімет резервінен осы мақсаттарға 7,2 млрд теңге бөлінді.

     «Олардың аясында 41 млн маска, 27 млн перчатка және 379 мың қорғаныш костюмдер, сондай-ақ 1,2 млн ПТР тестілер сатып алынады. Жеке қорғаныш құралдарының осындай резерві қыркүйектен бастап 2021 жылғы ақпанға дейін қалыптастырылады», — деді ведомство басшысы.

Алексей Цой атап өткендей, Мемлекет басшысы ауылдағы жағдайды жақсарту бойынша шаралар әзірлеуді тапсырды. Коронавирус инфекциясына ПТР расталған және пневмониямен сырқаттанған пациенттерге медициналық көмек көрсету үшін ауыл деңгейінде 2,5 мың инфекциялық және 11 мың провизорлық төсек-орын  қарастырылды.

   «Амбулаторлық көмек көрсету үшін ауылда 1493 мобильді бригада құрылып, жұмыс істейді, бұл қажеттіліктің 94%-ын жабады. Ауылда 641 жедел медициналық жәрдем машинасы іске қосылды. Қосымша қажеттілік – 141 бірлік машина ағымдағы жылдың соңына дейін іске асырылатын қаржы лизингі келісімшарттары есебінен өтелетін болады», — деді А. Цой.

Сонымен қатар, аудандық ауруханалар үшін отандық тауар өндірушілерден 53 рентген аппараты сатып алынады. Қосымша 3-4 ай ішінде 100 ПМК жеткізу жоспарлануда, олар ауыл тұрғындарын кешенді тексеруден өткізу үшін барлық қажетті жабдықтармен толықтырылатын болады. 

Министр атап өткендей, жалпы қабылданған жедел шараларды ескере отырып, екі апта ішінде мынадай оң нәтижелерге қол жеткізілді:

●  COVID-19 жұқтырудың тәуліктік өсімі 4%-дан 2,1%-ға дейін төмендеді;

●   COVID-19-дан жазылғандар саны 60%-ға артты;

●   жедел жәрдем шақырулар саны 23%-ға азайды;

● провизорлық төсек-орындардың бос болмауы 20%-ға, реанимациялық төсек-орындардың бос болмауы 6%-ға төмендеді. 

Мемлекет басшысының  дәрілік заттарды сапалы жоспарлау және сатып алу бойынша шаралар қабылдау бойынша тапсырмасына қатысты. 

рәсімдері, сертификаттау және тіркеу, сондай-ақ рәсімдері біржолғы әкелу жеңілдетілді; 

арнайы жүк борттарын жеткізуді жеделдету есебінен дәрілік заттармен бөлшек саудада қанықтыру жүргізіледі; 

өңірлерде арнайы тұрақтандыру қорлары құрылды;

амбулаторлық дәрі-дәрмектермен қамтамасыз ету тізімін кеңейту жүргізілуде; 

дәрілік заттардың айлық қоры қалыптасады (ағымдағы жылдың 22 шілдесіне дейін медициналық ұйымдарға бір айлық қажеттілік мөлшерінде дәрілік заттар жөнелтілетін болады); 

«СҚ-Фармация» ЖШС базасында республикалық тұрақтандыру қоры құрылады.