Алматыдан Жезқазғанға 20 мың теңгеге ұшып баруға болады

Жарияланды
Сұранысты қанағаттандыру мақсатында субсидияланатын авиабағыттар

«Qazaq Air» авиакомпаниясы, ішкі бағыттар бойынша тасымалдауға сұранысты қанағаттандыру мақсатымен субсидияланатын авиабағыттарға қосымша конкурс нәтижесі бойынша, ағымдағы жылдың 21 шілдесінен бастап Алматы – Жезқазған бағыты бойынша тұрақты рейстерді орындауды бастады. Бұл туралы ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады. 

 
Бір бағыт бойынша билеттің бағасы 20 000 тг.

«SCAT» авиакомпаниясымен орындалып жатқан аптасына 2 рейске, «Qazaq Air» авиакомпаниясына қосымша 2 рейс орындауға рұқсат етілді. Барлығы, қазіргі уақытта аталған авиабағыт бойынша аптасына 4 рейс орындалады.

«Qazaq Air» авиакомпаниясының ұшулары сейсенбі және сенбі күндері келесі кесте бойынша орындалады:
Жезқазған (12-00) – Алматы (13-55);
Алматы (14-30) – Жезқазған (16-25).

Барлық рейстер сыйымдылығы 76-дан 86 орынға дейін «Bombardier» әуе кемелерінде орындалады.
 

Сондай-ақ оқыңыз