Жамбыл облысы Мойынқұм ауданы Мойынқұм ауылынан 180 шақырым жерде құрғақ шөп пен сексеуіл жанған. Бұл туралы ҚР ІІМ ТЖК баспасөз қызметі хабарлады.
Жою жұмыстарында барлығы 266 адам, 61 бірлің техника және 1 тікұшақ жұмылдырылды. Бұл Жамбыл облысы ТЖД, «Мойынқұм, Байзақ, Меркі, Қосқұдық, Қордай және Жуалы орман және жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі мекемелері» КММ, Мойынқұм ауданының ерікті өрт сөндіру құрылымдары, «Қазавиаорманқорғау» РМК күштері мен құралдары.
Жағдайды бағалау мақсатында «Қазавиақұтқару» РМК МИ-2 тікұшағына аумақты ұшу жасалды. Өртті сөндіру 15 м/с кей жерлерде 23 м/с күшті екпінді желмен күрделене түседі.
Ағымдағы жылдың 20 шілдесінде тәулігіне 27 табиғи өрт оқиғасы тіркелді.
ТЖК бақылауында Ақтөбе, Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Павлодар, Қостанай, Қарағанды облыстарында 15 табиғи өрт бар, онда өрттерді жою бойынша шаралар қабылдануда.
Бұдан басқа, өткен тәулікте Ақтөбе, Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Қостанай облыстарында құрғақ шөптің жануы жойылды.
Аталған өңірлерде дала жануының жалпы ауданы 4501 га құрады, оның ішінде Ақтөбе облысында едәуір өрт алаңы – 3600 га. Өртті жоюға ТЖД, ерікті өрт сөндіру құрамаларының, орман шаруашылықтарының күштері мен құралдары жұмылдырылды.