Ақсу ферроқорытпа зауыты жылына 1 млн. тонна өнім шығарады
Ақсу ферроқорытпа зауыты жылына 1 млн. тоннадан астам өнім шығарады. Бұл туралы ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Коронавирустық инфекция пандемиясына байланысты Қазақстандағы эпидемиологиялық ахуалға қарамастан Ақсу ферроқорытпа зауыты ірі инвестициялық жобаларды жүзеге асыруды жалғастыруда. Кәсіпорында №22 пешке күрделі жөндеу жүргізілді, осылайша оның өнімділігі 5%-ға артпақ. Жөндеу жұмыстарын тиімді ұйымдастыру 90 күннің орнына 56 күннің ішінде пешті жаңартуға мүмкіндік берді.
Күрделі жөндеу кезінде металлургиялық агрегаттың беріктілігін арттыруға бағытталған жұмыстар жүргізілді. Пештегі технологиялық операциялардың көпшілігі қазір автоматты түрде жүзеге асырылатын болады. Қазіргі заманғы автоматтандыру жүйелері қуатты тиімді пайдалану және тоқ режимін нақты бақылау есебінен қосымша энергия үнемдеуді ғана емес, сонымен қатар металлургтер еңбегінің жоғары қауіпсіздігін қамтамасыз етеді. Пешке орнатылған қуатты трансформатордың арқасында оның жылдық өнімі шамамен 35 мың метрикалық тонна болатын жоғары көміртекті феррохромды құрайды.
Пандемияға байланысты қысылтаяң уақытта кәсіпорын штаттық режимде жұмыс істейді және барлық өндіріс процесі ешқандай өзгеріссіз. Жөндеу науқандары да кесте бойынша жүргізілуде. Кәсіпорын электрмен жабдықтаудың беріктілігі мен пеш агрегаттары, қосалқы жабдықтардың тұрақтылығын жақсарту үшін үнемі жұмыс істейді. Жөндеу уақытын оңтайландыру арқылы бұл пеш қосымша 3,4 мың метрикалық тонна феррохром өндіреді.
Ақсу ферроқорытпа зауыты – ERG (Еуразиялық Топ) құрамына кіретін «Қазхром «ТҰК» АҚ филиалы, әлемдегі ірі ферроқорытпа өндірушілерінің бірі болып табылады. Мұнда жыл сайын 1 млн.тоннадан астам өнім шығарылады, оның басым бөлігі алыс шетелдерге экспортталады. Кәсіпорынның бірегейлігі-түрлі маркалы болатты балқытуға қажетті хром, кремний және марганец қорытпаларының ірі көлемді өндірістерін біріктірген.
Кәсіпорынның бәсекеге қабілеттілігі жоғары техникалық жетістіктермен және ISO9001:2015 интеграцияланған сапа менеджменті жүйесінің барлық филиалдарында енгізілген және қолданыстағы TUV CERT сертификатымен, ISO 14001:2015 қоршаған ортаны басқару, BS OHSAS 18001:2007 еңбекті қорғау саласындағы менеджмент және ISO 50001:2011 энергетикалық менеджментімен расталған.
Өнім сапасының деңгейін арттыру, еңбекті қорғау және өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету, қоршаған ортаны қорғау үшін зауытта қор үнемдейтін және аз қалдықты технологиялар негізінде саланың озық жетістіктерін пайдалана отырып, өндірісті тұрақты жаңғырту жүзеге асырылады.
Экономикалық жетістіктермен қатар, кәсіпорын қызметкерлерінің әлеуметтік қорғалуы да бағалы басымдық болып табылады. Мұнда «Қазхром «ТҰК» АҚ-ның Ұжымдық шарты енгізілген, ол Қазақстанның тау-кен металлургия саласындағы ең үздіктердің бірі болып саналады.
Әлеуметтік бағдарлама үш бағыт бойынша жүзеге асырылады: індетті сауықтыру және алдын алу, демалыс жағдайын жақсарту және салауатты өмір салтын насихаттау. Зауытта 6 мыңнан астам жұмысшы ферроқорытпа өндірісін қамтамасыз етеді. Зауыт қызметкерлері мен олардың балалары кәсіпорын есебінен оқуға, тұрғын үй жағдайын жақсартуға, «Еуразия» медорталығының Ақсу филиалы дәрігерлерінің көмегімен өз денсаулығына қамқорлық жасауға, демалыс үйлерінде, «Ферросплавщик» мәдени-демалыс орталығының объектілерінде демалуға, қаланың және зауыттың жақсы дамыған спорт базасында спортпен айналысуға мүмкіндіктері бар.