Елордада «Жұмыспен қамтудың жол картасы» бойынша 3 мыңнан астам бос жұмыс орны бар

Жарияланды
Бүгінгі таңда 3929 адам жұмыспен қамтылды

 Қаланың барлық тұрғындары мемлекеттік бағдарламаға тұрғылықты жері бойынша тіркеумен де, онсыз да қатыса алады, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты. 

Бүгінгі таңда «Жұмыспен қамтудың жол картасы – 2020-2021» бағдарламасы аясында 107 инфрақұрылым нысандарында жұмыстар жүргізілуде. Қол еңбегіне сұраныс жоғары. «Жұмыс күшінің тапшылығы, мамандар жетіспеушілігі байқалуда. «Жұмыспен қамтудың жол картасы» арқасында келісімге қол қойылды. 

Қазір жұмыспен қамту орталығы бізге дәнекерлеушілерді, электриктерді, жалпы жұмысшыларды жіберуде. Біз оларды осы бағдарлама бойынша жұмысқа аламыз», – дейді ASTI компаниясының инженері Руслан Зулпикаров. 

Елордада «Жұмыспен қамтудың жол картасы» (ЖҚЖК) іске асырылуда. Бүгінгі таңда 3929 адам жұмыспен қамтылды. 94 ұйыммен ниет хаттамалары жасалды. Қазіргі уақытта ЖҚЖК-да 3 мыңнан астам бос жұмыс орны бар, деп хабарлайды елорданың Жұмыспен қамту орталығы.

 

Сондай-ақ оқыңыз