Ресурстар

Елордалық инфекциялық стационарға 500 көпфункционалды керует алынды

Керуеттер дәрі-дәрмек штативтерімен жабдықталған

Елордалық инфекциялық стационарға 500 көпфункционалды керует алынды. Олар барлық заманауи талаптарға сай, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты. 

Нұр-Сұлтан әкімдігі № 3 көпсалалы қалалық ауруханасының «Рамада Плаза» жұқпалы аурулар стационарындағы науқастар үшін 500 көпфункциялы керует сатып алды. Керуеттер дәрі-дәрмек штативтерімен жабдықталған. Пайдалануға өте ыңғайлы және еркін қозғалады.

Қазіргі уақытта астанада 4 мыңға жуық төсек-орындық 16 стационар жұмыс жасайды. Мемлекет басшысының тапсырмасымен Нұр-Сұлтанның ауруханалары мен емханаларына коронавирус пен пневмонияны емдеу үшін қосымша медициналық жабдықтар түсті. Олардың ішінде 150 флуометр, 350-ден астам оттегі концентраторы, таяу күндері өкпені жасанды желдетуге арналған 50 аппарат келіп түседі. 

Жақын күндері қала ауруханалары мен емханаларына тағы 250-ден астам оттегі концентраты, 350 флуометр, 2 компьютерлік томограф және т.б. жабдықтар келіп түседі. Сонымен қатар, қаладағы дәріханаларға коронавирус пен пневмонияны емдеу үшін 80 тоннадан астам дәрі-дәрмек түсті.

Бұл гуманитарлық жүк саналмайды, дәріханалар желісі дистрибьютерлерінің қаржысы есебінен алынған. Әкімдік тарапынан оларға дәрі-дәрмекті сатып алуға қаржы бөлініп, көлікпен жеткізуге көмек көрсетілуде. Бүгін-ертең қалаға қосымша дәрілер түседі. Бұл бағыттағы жұмыстар тұрақты бақылауда.