Түрген мен Есік шатқалдарына 2 тамызға дейін кіруге болмайды

Жарияланды
Іле Алатауы Ұлттық паркіне көліктердің кіруіне тыйым салынды

Алматы облысында Есік пен Түрген шатқалдарына серуендеуге тыйым салынды. Бұл туралы Еңбекшіқазақ ауданының бас санитарлық дәрігері Миржан Әзербаев қаулы шығарды, деп хабарлайды ҚазАқпарат

Қаулы 23 шілде – 2 тамыз аралығында Түрген, Есік шатқалдары территориясына кіруге тыйым салуды қамтамасыз етеді. 

Тек төмендегі ережені сақтаған жағдайда ғана жаяу серуендеуге болады: 

1. үш адамнан артық адамдарға топтасып демалуға тыйым салынады;

2. сусыннан басқа азық-түлік алып өтуге, дастархан жайып, от жағуға тыйым салынады;

3. бір отбасынан 3 адамнан артық адамдарға коропоративтік, экскурсиялық, топтық демалыс тыйым салынады; 

4. әлеуметтік қашықтық талаптарын, маска киюді қамтамасыз ету;

5. осы аймақта орналасқан қонақ үйлер мен демалыс орындарына (қонақ үйлер, туристік базалар) алдын ала төлем алуды тоқтату; 

6. қаулы шыққан уақыттан бұрын демалуға келген туристер қонақ үйлер мен шипажайда санитарлық нормаларды қатаң сақтауға міндеттеледі; 

7. туристік аймақтарда сауда нүктелері, сауна, бассейн жұмысы тоқтатылады. 

8. «Іле Алатауы Ұлттық паркіне арнайы қызметтен бөлек көліктердің кіруіне тыйым салынсын», – делінген ауданның бас санитарлық дәрігерінің қаулысында. 

 

Сондай-ақ оқыңыз