Алматы облысында Есік пен Түрген шатқалдарына серуендеуге тыйым салынды. Бұл туралы Еңбекшіқазақ ауданының бас санитарлық дәрігері Миржан Әзербаев қаулы шығарды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Қаулы 23 шілде – 2 тамыз аралығында Түрген, Есік шатқалдары территориясына кіруге тыйым салуды қамтамасыз етеді.
Тек төмендегі ережені сақтаған жағдайда ғана жаяу серуендеуге болады:
1. үш адамнан артық адамдарға топтасып демалуға тыйым салынады;
2. сусыннан басқа азық-түлік алып өтуге, дастархан жайып, от жағуға тыйым салынады;
3. бір отбасынан 3 адамнан артық адамдарға коропоративтік, экскурсиялық, топтық демалыс тыйым салынады;
4. әлеуметтік қашықтық талаптарын, маска киюді қамтамасыз ету;
5. осы аймақта орналасқан қонақ үйлер мен демалыс орындарына (қонақ үйлер, туристік базалар) алдын ала төлем алуды тоқтату;
6. қаулы шыққан уақыттан бұрын демалуға келген туристер қонақ үйлер мен шипажайда санитарлық нормаларды қатаң сақтауға міндеттеледі;
7. туристік аймақтарда сауда нүктелері, сауна, бассейн жұмысы тоқтатылады.
8. «Іле Алатауы Ұлттық паркіне арнайы қызметтен бөлек көліктердің кіруіне тыйым салынсын», – делінген ауданның бас санитарлық дәрігерінің қаулысында.