Елімізде тамыздан бастап жоспарлы медициналық көмек біртіндеп қалпына келеді 

Жарияланды
Бірақ бұл медициналық ұйымдардың індетпен күресу дәрежесіне байланысты

Пандемия кезінде көптеген медициналық ұйым CОVID-19 қарсы күреске қатысты. Халыққа жоспарлы және жоғары технологиялық медициналық көмек көрсету уақытша тоқтатылды. Бұл туралы ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің Telegram каналы хабарлады.

Тамыз айынан бастап республикалық клиникалардан бастап жоспарлы медициналық көмек көрсету кезең-кезеңмен қайта басталады.

Қазір стационарлардағы төсек-орын саны 50 пайыздан төмен болса, енді тағы 50 пайыз бейінді және жоспарлы төсек-орын ашу жоспарлануда. Әрине, тиісті дезинфекциялық өңдеуден кейін.

  «Министрлік халыққа жоспарлы, соның ішінде жоғары технологиялы медициналық көмек көрсетуді кезең-кезеңімен жаңғырту бойынша жоспар жобасын әзірледі. Бұл халыққа қызмет көрсетудің бейініне және COVID-19 қарсы күреске медициналық ұйымдардың қатысу дәрежесіне байланысты жүргізіледі», – деді Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой.
 

Сондай-ақ оқыңыз