Ресурстар

Індетпен күрес жөніндегі шаралар туралы

Елімізде резервте - 41 млн.маска, 27 млн. қолғап, 379 мың қорғаныш костюм бар

Бүгінгі күні медициналық маскалардың шекті бөлшек сауда бағасы 28%- ға, яғни 118-ден 85 теңгеге дейін төмендетілді. Ағымдағы резервте – 41 млн.маска, 27 млн. қолғап, 379 мың қорғаныш костюм бар. Бұл туралы ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің Telegram  каналы хабарлады.

Тестілеу қуаты: тәулігіне 32 мың, 1 тамызға қарай тәулігіне 35,6 мыңға дейін (ҚР АШМ зертханаларын тарту есебінен), 1 қыркүйекке қарай – тәулігіне 64 мыңға дейін (ДСМ және ЖАО зертханаларын толық жабдықтауды ескере отырып) ұлғайту жоспарлануда.

Тамыз айының соңына дейін тесттердің ПТР резервін қалыптастыру – 1,2 млн, 59 мемлекеттік және жеке зертхана іске қосылады.

Дәрілік заттарды сапалы жоспарлау және сатып алу жөніндегі шаралар: 
Сертификаттау рәсімдерін жеңілдету:( 1 айдан 3 күнге дейін)
бір жолғы әкелу бір тәулік ішінде беріледі
COVID-19 емдеу үшін жаңа препараттарды тіркеу процедурасы (6 айдан 2 айға дейін) жеделдетеді

Бөлшек сату бойынша дәріханаларды арнайы борттар есебінен толықтыру үшін – Ресей мен Үндістанға 4 млн.орамға 6 арнайы авиарейс ұйымдастырылған. 
Өңірлерде арнайы тұрақтандыру қорларын қалыптастыру:

– Алматы қ. – 5 млрд. тг. 
– Нұр-Сұлтан қ. – 1,2 млрд.тг.
– Шымкент қ. – 180 млн.тг. 
– Ақтөбе обл. – 500 млн. тг.
– ШҚО – 250 млн.тг. және т. б.

COVID-19 емдеу бойынша БМСК деңгейінде қосымша дәрі-дәрмекпен, оған қоса 1 млн-ға жуық адамды қамтитын 8,6 млрд теңгеге дәрі-дәрмектің 5 түрімен қамтамасыз ету. 

COVID-19-дан стационарларда емдеуге арналған дәрі-дәрмектердің айлық қоры қалыптасты. Сонымен қатар, тағы 3 айға резерв құру мақсатында отандық өндірушілерден де, импорттаушылардан да медициналық препараттарды сатып алу рәсімдері қатар жүргізіледі.