Миллиондаған қазақстандықтар COVID-19 вакцинасын тегін алады

Жарияланды
ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің өкілі мәлімдеме жасады

2,2 миллионға жуық қазақстандық коронавирустық инфекцияға қарсы тегін вакцина алуға өтініш бере алады.

Тәуекел тобына, созылмалы аурулары бар, оның ішінде 65 жастан асқан, жүрек-қан тамырлары аурулары, қант диабеті және созылмалы обструктивті өкпе аурулары бар адамдар, сондай-ақ медицина қызметкерлері жатады.

«2 182 000 азамат COVID-19 вакциналарын ақысыз алады», – деп хабарлады Денсаулық сақтау министрлігінің ресми өкілі Бағдат Қожахметов Facebook-тегі парақшасында.

Биыл қыркүйектен бастап биологиялық қауіпсіздік проблемалары ғылыми-зерттеу институты 244 еріктіге қазақстандық вакцинаның клиникалық сынақтарын өткізетіні белгілі болды.
 

Сондай-ақ оқыңыз