Беларусьтің қазіргі басшысы Александр Лукашенко президент сайлауындағы сайлау учаскелерінде 10% дауыс иеленген. Мұндай мәліметтерді тәуелсіз «Голос» жобасы ұсынды. Жобаның хабарлауынша, Лукашенконың басты қарсыласы Светлана Тихановская 80% дауыс жинаған.
Азаттық радиосының хабарлауынша, Светлана Тихановская шетелдегі 19 сайлау учаскесінде 81,57% дауыс жинаса, ал мемлекет басшысы 5,89% дауыс иеленген.
Ұлттық экзит-полл Беларусьтегі сайлау учаскелерінде Лукашенконың жеңгенін хабарлады. Олардың хабарлауынша, мемлекет басшысы 79,7% дауыс жинады. Екінші орынды 6,8 пайызбен Тихановская тұр. Қалған дауыстар келесідей бөлінді: Анна Канопацкая – 2,3%; Андрей Дмитриев – 1,1%; Сергей Черечень – 0,9%. Барлығы 9,2% қарсы дауыс берген. Жалпы 12,340 адамнан жауап алынды.