Алматыда жедел жәрдем қызметі күз-қыс маусымына дайын
Қала әкімшілігі күз-қыс кезеңінде эпидемиологиялық жағдайдың кері дамуына қаланы жан-жақты дайындау жүргізілуде. Қоғамдық денсаулық сақтау Басқармасы басшысының айтуынша, жедел жәрдем қызметі шақыртуларды қабылдауға толығымен дайын. Бұл туралы Алматы қаласы әкімдігінің Telegram каналы хабарлады.
«Жедел медициналық жәрдем қызметінде 3000-нан астам жұмыс істейді, бұл 180 бригада болып саналады. Оның ішінде 365 дәрігер, 1388 фельдшер бар. Осы тұрғыда жедел жәрдем қызметі күзгі және қысқы кезеңге дайын екенін атап өткен жөн. Вирус өршіген шақта қызмет көрсету тәулігіне 500-ге дейін пациентті қабылдауы мүмкін деген болжам бар. Қосымша 55 жедел жәрдем көлігі келіп түседі деп күтілуде», — деп мәлімдеді Камалжан Надыров.
Сонымен бірге, жедел жәрдем жұмысында сұраныстың азайғаны байқалады. Өтініштер мен шақыртулар саны соңғы айда 2200-ден 1400-ге дейін 1-3 санат бойынша және 280-нен 170-ке дейін 4 жеделдік санаты бойынша азайды. Бұған дейін, ауру өршіген шақта жәдел жәрдем тәулігіне 8000-ға дейін өтініш қабылдаса, әрбір екінші қоңыраудан соң бригада науқастың үйіне барады.