Алтай Көлгінов: Қыста жеке тұрғын үйлер газбен жылытылады
Алдағы қыста жеке тұрғын үйлер газбен жылытылады, деп жазды Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов өзінің «Инстаграмдағы» парақшасында.
«Бірқатар елді-мекендегі кварталішілік газбен жабдықтау желілері құрылысының барысын тексеріп, тұрғындармен кездестім. Железнодорожный елді-мекенінде газбен жабдықтау тарату желілерінің 100%, Промышленный- 80%, Көктал 1 – 70%, Көктал 2-де екі көшеде өткізу қалды. Бұл жұмыстар Агрогородок, Юго-Восток елді-мекендерінде де жүргізіліп жатыр», – деді Көлгінов.
Газ желілерін үйлерге жеткізу жұмыстары жалғасып жатыр. Көктал-1/2, Железнодорожный, Промышленный, Агрогородок тұрғындары үшін » (Тілендиев даңғылы – Көктал – т/ж жолы – Бөкеев көшесі шекарасында) үйлерді газбен жабдықтау желілеріне қосу үшін техникалық шарттарды берудің тегін рәсімі басталды. Ол үшін болашақ 4/2 және Ж.Жабаев 12/2 көшесінде фронт-кеңселер ашылды.
«Аталған елді-мекендер, оның ішінде Агрогородок пен Юго-Востоктың тұрғындарының қосып алуына мүмкіндік бар.Тұрғындар үшін тегін есептегіштер қарастырылған. Елорданы газдандырудың өзі үш кезеңнен тұрады. ЖЭО-1/2 күзде газға ауыстырылады. Кездесу барысында Көктал-2 және Агрогородок тұрғындары жарықтандыру, аялдама орнату, қосымша автобус бағытын іске қосу, жол құрылысы және т.б. мәселелерді көтерді», – жеп жазды Алтай Көлгінов.