Қазақстанда футбол маусымы басталады 

Жарияланды
18 тамыздан бастап

Жоғарғы дивизиондағы клубтар арасындағы ойындар Алматы қаласының стадиондарында өтеді.

Қазақстанның Кәсіпқой Футбол Лигасы спорттық іс-шараларға тыйым салудың ұзартылғанына қарамастан, Қазақстандағы Коронавирусты таратпау жөніндегі ведомствоаралық комиссияның ел чемпионатын қайта бастауға жол бергені туралы хабарлады.

 «Құрметті әріптестер! Қазақстан футбол федерациясы мен Қазақстанның Кәсіпқой футбол лигасы басшылығының үйлесімді жұмысының арқасында 18 тамыздан бастап Қазақстан чемпионатын қайта бастауға рұқсат алынғанын хабарлаймыз. Ұзақ және қиын келіссөздерден кейін біз барлық тараптарды матчтарды қатаң санитарлық стандарттарға сай өткізуге болатындығына сендірдік. Чемпионатты қайта жандандырудың басты шарты – ойыншылар мен клуб қызметкерлерін тұрақты ПТР-тестілеу », – делінген Қазақстанның Кәсіпқой Футбол Лигасының хабарламасында. 

 

Сондай-ақ оқыңыз