Нұр-Сұлтанда бүгіннен бастап мейрамхана, дәмхана, барлар ашылды

Жарияланды
Елорданың бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Айгүл Шағалтаеваның қаулысына сәйкес 

Нұр-Сұлтан қаласының тұрғындары бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Айгүл Шағалтаеваның қаулысына сәйкес, 17 тамыздан бастап мейрамхана, дәмхана, барлардың жұмысына рұқсат беріледі, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Құжатта қоғамдық тамақтандыру объектілерінің жұмысын (мейрамханалар, кафелер, барлар, асханалар) күшейтілген санитариялық-эпидемияға қарсы, санитариялық-профилактикалық іс-шараларды сақтай отырып, ғимараттың ішінде 30-дан артық емес және жазғы алаңда 30-дан артық емес орындықтардың толымдылығы бойынша шарттарды сақтаумен және көрші үстелдердің шеткі орындары арасында кемінде 2 метр әлеуметтік қашықтықты сақтай отырып, бір үстелге 4-6 адамнан аспайтындай етіп отырғызумен жұмыс күндері жұмыс кестесін 9:00-ден 23:00-ге дейін рұқат етілетіндігі айтылған.

 Ал жеке иелік аумақтары мен тұрғын үй ғимараттарында орналасқан объектілер үшін жұмыс кестесі сағат 9:00-ден 22:00-ге дейін белгілей отырып ұйымдастырылады. Демалыс күндері қоғамдық тамақтандыру объектілерінің жұмысы тек ашық ауада отыратын орын саны 30-дан аспайтындай және тамақ жеткізуге, өзі алып кетуге тыйым салумен, жұмыс кестесі сағат 9:00-ден 22:00-ге дейін белгілене отырып рұқсат беріледі. Бұл ретте, ұжымдық, салтанатты, отбасылық және басқа да бұқаралық іс-шараларды өткізуге тыйым салынады.

 

Сондай-ақ оқыңыз