Порталда тіркелмеген кәсіпкерлер жұмысын бастай алмайды
Жұмыс бастауға рұсат берілген бизнестің барлық объектілері 17 тамыздан бастап InfoKazakhstan.kz сайтында талап етілген санитарлық нормалармен танысып, міндетті тіркеуден өту қажет, деп хабарлайды әкімдіктің ресми сайты.
Нұр-Сұлтан қаласы бас санитарлық дәрігерінің 16 тамызда жариялаған қаулысына сәйкес елордада бизнестің жұмысты қайта бастау тәртібі белгіленді. Жұмыс бастауға рұсат берілген ШОБ субъектілеріне InfoKazakhstan.kz сайты арқылы берілетін санитарлық нормаларға сәйкестік актісін алу қажет.
«Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы бас санитарлық дәрігердің қаулысы шыққан күні InfoKazakhstan платформасын іске қосты. Платформа арқылы әр кәсіпкер қызметті жаңартуға өтініш бере алады. Бұл платформа, құрметті кәсіпкерлер, сіздерді кабинеттерді аралап, құжат жинаудан босатады. InfoKazakhstan платформасына кірген бойда деректеріңіздің бір бөлігі (кәсіпорын атауы, БСН) автоматты түрде жүктелетіні маңызды, қалған формаларды толтыру небәрі 10-15 минут уақыт алады. Назар аударыңыздар, әзірге платформа сервисін десктоп-нұсқада – компьютер арқылы пайдалануға болады, мобильді нұсқа әзірлену үстінде», – деп хабарлады Нұр-Сұлтан қаласы ӨКП директоры Алмат Жүнісов.
Оның айтуынша бизнестің басым бөлігі, шамамен 90%-ы InfoKazakhstan.kz сайтында тіркелу арқылы тексерусіз, хабарландыру тәртібінде жұмыс бастай алады.
«Осы ретте тексерудің болмауы жауапкершіліктен босатпайды. Қоғамдық бақылау, кез келген тұтынушы бұзушылықтар туралы бақылаушы органдарға жібере алады», – деді Алмат Жүнісов.
InfoKazakhstan.kz сайтында тіркелген соң бизнестің жекелеген түрлері санитарлық нормаларға сәйкестікке міндетті тексеруден өтуі керек. Оларға сауда және ойын-сауық орталықтары, азық-түліктік сауда базарлары, азық-түліктік емес базарлар, балалар сауықтыру лагерлері (мектеп жанындағы, қала сыртындағы) жатады.
Қызметті хабарлындыру тәртібінде жаңарту үшін:
1-кадам. InfoKazakhstan сайтына кіріп, нысанды электронды цифрлық қолтаңба арқылы тіркеу.
2-қадам. Бас санитарлық дәрігердің қаулысын жүктеу және кәсібіңізге қойылған санитарлық талаптармен танысып, оны электронды цифрлық қолтаңба арқылы растау.
3-қадам. Жеке кабинетте және электронды поштада дайындық туралы актісін алып, жұмысты бастауға болады.
Тексеруге жататын ШОБ субъектілеріне:
1-қадам. InfoKazakhstan сайтына кіріп, нысанды электронды цифрлық қолтаңба арқылы тіркеп, бас санитарлық дәрігер қаулысын жүктеп, кәсіп түріне қойылған талаптармен танысу қажет. Талаптармен мұқият танысып, электронды цифрлық қолтаңба арқылы растау қажет!
2-қадам. Нысанды санитарлық талаптарға сәйкес дайындау.
3-қадам. Мониторингтік топтың тексеруінен өту.
4-қадам. Егер бәрі дұрыс болса, сайттағы жеке кабинеттен және электронды поштаға санитарлық нормаларға сәйкестік актісін – жұмысты қайта бастауға рұқсатты алып, жұмысты бастау.
Электронды рұқсатты басып шығарып, қағаз көшірмесін кіреберіске іліп қою қажет.
Егер тексеру нәтижесі теріс болса, онда барлық ескертпелерді реттеп, өтінімді қайта бере аласыз.
«Біз елорда әкімдігінің Инвестцииялар және даму жөніндегі басқармасы, Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасын бақылау департаменті және Нұр-Сұлтан жол полициясы басқармасымен нысандарды тексеру бойынша жұмысты бастадық. Біз ілгері жүріп келеміз, Үкімет және жергілікті атқарушы органдармен барлық деңгейде күнделікті келіссөздер жүргізіп жатырмыз. Бизнестің жұмыс істеуі эпидемиологиялық ахуалға әсер етуі күнделікті әрі апта сайын бағаланатын болады. Бізге індеттің өршуін болдыртпау аса маңызды. Сіздердің, сондай-ақ нысанға келушілердің де жауапкершілігі аса маңызды.
Оқыту бейнероликтер, жаднамалар әзірленді, «Атамекен» ҰКП 1432 байланыс орталығы базасында техникалық қолдау көрсету қызметі іске қосылған. Сіздерді басқа да кәсіпкерлерді ақпараттандыруға шақырамыз.
Сонымен қатар біз электронды цифрлық қолтаңбаны алуға көмектесеміз, бұл бағытта Iqala қалалық қызметтер көрсету орталықтары базасында, Момышқлы 2/11 жән Қошқарбаев даңғылы, 29 мекен-жайында орналасқан Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталықтарындағы кеңесшілер көмек беруге дайын. Бұл бақытта жұмылған жұмыс атқарамыз деген ойдамыз», – деп атап өтті Нұр-Сұлтан ӨКП директоры.