Ресурстар

Алматыда диспансерлік есепте тұрған 3000 пациентке тегін дәрілер беріледі

Дәрілік препараттарды үйлеріне дейін жеткізіп беру қамтамасыз етілген

Алматыда диспансерлік есепте тұрған науқастарға дәрілік препараттарды үйлеріне дейін жеткізіп беру қамтамасыз етілген. Бұл туралы Алматы қаласы әкімдігінің Telegram каналы хабарлады.

Қауіпсіздік және азаматтардың жұқтыруын болдырмау мақсатында емханалардың аумағында онлайн-кеңестер ұйымдастырылған, олардың барысында диспансерлік есепте тұрған науқастар қажетті дәрілік препараттарға алуға өтініш білдіре алады.

 «Бұндай науқастар артериялық гипертензия, ишемиялық аурулар, жүрек қан тамырлары ауруларымен, бронх демікпесімен есепте тұрғандар. Олардың бәрі дәрілік препараттармен қамтамасыз етілді. Диспансерлік есепте тұрған 3000-нан астам  науқас онлайн-кеңес арқылы қажетті аппараттарды сұратып, кейін ол дәрілер пациенттерге жеткізіледі», — деп хабарлады №5 Қалалық емхананың жалпы тәжірибелік дәрігері Лаура Малдыбаева.

Науқастардың үйіне дәрілік препараттарды жеткізу барлық санитарлық талаптарды ескеру арқылы жүзеге асырылатынын атап өткен жөн.