Коронавирустың жаңа толқыны қашан соғады?
Қазан айында коронавирустың жаңа толқыны болуы мүмкін. Сол уақытқа қарай 13 жаңа модульді жұқпалы аурулар ауруханасының құрылысы аяқталып, пайдалануға беріледі. ҚР Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой әлеуметтік желідегі парақшасында алда болуы мүмкін жаңа толқынға дайындық барысын жазды.
Оның айтуынша, қазір медициналық мекемелерді жабдықтауға арналған құралдар сатып алынып жатқан көрінеді.
«Коронавирус пандемиясы аяқталған жоқ. Біз қазан айында-ақ ЖРВИ және маусымдық түмаумен қатар келетін жаңа толқынға дайын болуымыз керек. Денсаулық сақтау министрлігі жергілікті атқарушы органдармен бірлесе алдағы күз-қыс кезеңіне белсенді дайындалып жатыр. Елдегі дәріханаларға 10 миллионнан аса дәрі-дәрмек қаптамасы жеткізілді. Бірыңғай дестрибьютер республиканың медициналық ұйымдарын дәрі-дәрмектің бір айлық қорымен қамтамасыз етті және 30 қыркүйекке дейін 24 млрд теңгеге қосымша екі айлық қор қалыптастыралады. СК-Фармация негізінде Республикалық тұрақтандыру қоры, сондай-ақ 11 өңірлік тұрақтандыру қоры құрылды»,– деді министр.
Ауруханаларды толық жарақтандыру үшін қосымша 2 578 өкпені жасанды желдету аппараты сатып алыған.оның ішінде 1500 отандық тауар өндірушілерден, 1078 жергілікті бюджет есебінен, демеушілер мен Дүниежүзілік банк қаражаты есебінен сатып алынады.
23 890 төсек-орын оттегімен қамтамасыз етіліп, оның ішінде 13 153-і оттек концентраторлары қойылады.
Ведомствоаралық комиссия коронавирустың жаңа толқынына инфекциялық қызметтерді дайындау мақсатында Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларындағыдай 2,7 мың төсек-орынға арналған жаңа 13 жұқпалы аурулар ауруханасын салу туралы шешім қабылдаған. Бұл стационарлар Ақмола, Алматы, Жамбыл, Қарағанды, Қызылорда, Солтүстік Қазақстан, Атырау, Түркістан, Батыс Қазақстан, Қостанай, Маңғыстау, Павлодар облыстарында және Алматы қаласында салынады.
Қазақстанда коронавирус 13 наурызда тіркелді, ал 16 наурыздан мемлекет басшысы төтенше жағдай режимін енгізді. Кейін Қасым-Жомарт Тоқаев 14 және 27 сәуірде төтенше жағдайды тағы ұзартты. Төтенше жағдай 11 мамырда алынды.
Төтенше жағдай режимі алынғанан кейін барлығы босаңсып, эпидемилогиялық ахуал өршіп кеткен соң, 5 шілдеден бастап 14 күнге жаңа шектеу шаралары енгізілді, ал 13 шілдеде Қазақстан басшысы карантин 2 тамызға дейін жалғасатынын мәлімдеді.
Сондай-ақ, елімізде вирустың таралуы қарқыны төмендеп, ауруханаларда жатқан аурулардың сан азайса, 3 тамыздан карантинді жеңілдету жоспарланған болатын. Алайда Қасым-Жомарт Тоқаев Мемлекеттік комиссияға карантиндік шараларды тағы екі аптаға, 17 тамызға дейін ұзартып, кейін кезең-кезеңімен жеңілдетуді тапсырды.
Бүгінде coronavirus2020 сайтының мәліметі бойынша, коронавирус жұқтырғандардың саны 103815 адамға жетіп, соның ішінде 86450 пациент емделіп шықса, 1415 адам қайтыс болды. Сонымен қатар КВИ белгілері бар пневмонияны 20541 адам жұқтырған, бұл аурудан 237 адам көз жұмды.