Алматы әкімі тұрғындарға не үшін тауға шығуға болмайтынын түсіндірді

Жарияланды
 Демалыс күндері базарлар, сауда орталықтары мен қоғамдық көлік жұмыс істемейді

Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаев тұрғындарға не үшін тауға шығуға болмайтынын түсіндірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

 «Тауға шығатындардың екі түрі болады. Біріншісі спортпен шұғылданатындар, екіншісі демалушылар. Олар апта сайын тауға шығып, дастархан жайып демалғанды жақсы көреді. Біздің міндетіміз – адамдардың шоғырлануына жол бермеу. Шыны керек, біз тек отбасы мүшелерімен ғана демалмаймыз ғой, достарымызбен, туған-туыстарымызбен шыққанды ұнатамыз. Кәуәп пісіріп, от жағамыз. Бұл індеттің өршуіне әкеп соғады. Сондықтан тауға шығуға әлі де рұқсат жоқ. Тауға жұмыс күндері жаяу немесе велосипедпен шығуға болады»,–деді қала әкімі Бақытжан Сағынтаев.

Сонымен қатар, ол сенбі-жексенбі күндері базарлар, сауда орталықтары мен қоғамдық көліктердің жұмыс істемейтінін еске салды.

 

Сондай-ақ оқыңыз