Еліміздегі жетекші әскери оқу орны жас курсанттармен толықты 

Жарияланды
190-ға жуық жас түлек Радиоэлектроника және байланыс әскери-инженерлік институтына қабылданды

Қазақстанның әр аймағынан, ТМД мемлекеттерінен келіп, емтиханнан сүрінбей өткен 190-ға жуық жас түлек Радиоэлектроника және байланыс әскери-инженерлік институтына қабылданды. Бұл туралы РЭжБӘИИ баспасөз қызметі хабарлады.

Әр облыстағы жергілікті әскери басқару органдарында мандаттық комиссия құрылып, үміткерлерді іріктеу барысында ұлттық біріңғай тестілеу нәтижесінен бөлек, дене дайындығы, кәсіби психологиялық жай-күйі тексерілді.

Әскери оқу орнының бастығы генерал-майор Асқар Мұстабеков жыл сайын үміткерлердің санының арта түсуі әскери институттың жоғары мәртебесімен байланыстырады. 

 «Талапкерлердің ішіндегі ең үздіктері мен мықты дегендерін таңдадық. Қабылдау кезінде кәсіби-психологиялық жай-күйіне және жеке қабілеттеріне ерекше көңіл қойдық, себебі қазақстандық офицер кез-келген сәтте кез-келген тапсырманы мүлтіксіз орындайтындай дәрежеде болуы керек», – деді ол.

Қазіргі кезде институтқа қабылданған жас курсанттар үшін жаңа кезең – алғашқы кәсіби даярлық курстары басталды. Олар оқу кезеңі басталғанға дейін әскери дайындықтан өтеді, дайындық аяқталған соң Отан алдында әскери ант қабылдайды.

Қостанай облысының тумасы Ильнар Беков жаңа өмірге қадам басу оңай болмайтынын, бірақ ата-анасының, елінің үмітін ақтап, үздік офицер атану үшін бәріне де төзе білетінін жеткізді.

 Сондай-ақ, әскери институт қабырғасына Ұжымдық қауіпсіздік келісімі ұйымының бағдарламасы бойынша білім алатын Қырғызстан мемлекетінің өкілдері де қабылданды. Бүгінге дейін 9 қырғызстандық курсант оқып бітірсе, 11 курсант институт қабырғасында білімдерін шыңдауда. 
  

 

Сондай-ақ оқыңыз