Алматыда әлеуметтік маңызды тауарлардың бағасы тұрақты 

Жарияланды
Тамыз айынан бастап күріш,  сүт, айран, картоп, сәбіз, пияздың бағалары төмендетілді

Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасын тұрақтандыру мәселесі — Алматы қаласы әкімінің ерекше бақылауында екенін атап өткен жөн. Бағаны ұстап тұру үшін кешенді, жүйелі шаралар қабылдануда. Бұл туралы Алматы қаласы әкімдігінің Telegram каналы хабарлады.

 «Аудан әкімдіктерімен бірлесе отырып, негізгі 29 сауда нысандарында: сауда желілерінде, базарларда, Алтын Орда базарында күн сайын ӘМАТ бағаларына мониторинг жүргізіледі. Сауда нысандарымен бағаны негізсіз көтеру фактілері бойынша түсіндіру іс-шаралары жүргізілуде. Жеткізушілердің бағаны  өсіргені анықталса, онда  ҚР өңірлерінен басқа жеткізушілер ұсынылады», — деп хабарлады Алматы қаласы Кәсіпкерлік және инвестициялар басқармасы басшысының орынбасары  Қарлығаш Әбдіжаббарова.

Сондай-ақ, ол тамыз айының басынан бастап жедел шаралардың арқасында ӘМАТ-ның 5 атауының  бағасы төмендетілгенін айтты.

 «»Сары-Арқа», «Көк Базар», «Арыстан» базарларында, «Тоймарт», «Carefood» сауда нысандарында күріш, картоп, пияз, қант, қарақұмық жармасының орташа бағасы  қойылды», — деп толықтырды Қарлығаш Әбдіжаббарова.

бірлесіп, бағаларды тексеру, тіркеу  жұмыстары жүргізілуде.

Карантин енгізілген сәттен бастап, ҚР өңірлерінің басшылығымен бірлесіп, ауыл шаруашылығы өнімдерін қаланың сауда желілеріне тікелей жеткізу жұмыстары жүргізілді.

Сиыр етін ағымдағы жылдың соңына дейін 1 келісі 1850 тг белгілеп,  қаланың 250 сауда нысанына жеткізу ұйымдастырылды және сауда нысандары 500-ге ұлғайтылды.

27 сауда нысанымен жасалған меморандумдар шеңберінде,  әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына 15%-дан аспайтын сауда үстемесінің сақталуына мониторинг жүргізіледі.

 «Карантин режиміне қарамастан, қабылданған жүйелі әрі жедел шаралардың арқасында қала әкімдігі азық-түлік тауарларының бағасын тұрақтандыруға қол жеткізді», — деді Қарлығаш Әбдіжаббарова.

Ағымдағы жылдың сәуір айында тұтыну бағаларының индексі (ТБИ) 100%-ды құрады. Яғни өзгерген жоқ. Ал мамыр айынан бастап бағалар төмендеді. Мамыр айында ИЦП-99,2%, СЗПТ-ның 6-атауы бойынша бағалар төмендетілді. Осы жылдың маусым айында ИЦП-99,7%, СЗПТ-ның 10 атауы бойынша бағалар төмендетілді. Ағымдағы жылдың  шілде айында ИЦП-98,7%, СЗПТ-ның 7 атауы бойынша баға төмендетілді. Тамыз айынан бастап (ИЦП 99,5%)  ӘМАТ-ның 6 атауы бойынша: күріш,  сүт, айран, картоп, сәбіз, пияздың бағалары төмендетілді.
 

Сондай-ақ оқыңыз