Ақтөбеде бес қабатты үйдің терезесінен бала құлап кеткен, – деп хабарлайды Polisia.kz сайты.
Қандыағаш қаласының орталық аудандық ауруханасының жансақтау бөліміне бір жасар сәби жеткізілді, бірнеше сағаттан кейін ауруханада көз жұмды. Алдын ала тергеу барысында анықталғандай, бала қонақ бөлмесінде терезенің қасында ойнап жүріп, 5-қабаттың терезесінен құлап кеткен.
«Көбінесе екі жастан жеті жасқа дейінгі балалар терезеден құлап кету қаупі бар. Мұндай жазатайым оқиғалардың алдын алу үшін балаларды үйде қараусыз қалдырмау қажет, жиһазды бала терезеге көтерілетіндей етіп қоймаңыз. Терезеге қойылатын тордың сапалы түрі де баланың салмағын көтере алмайды. Балаларды қорғау үшін терезелерге арнайы фиксаторлар орнату қажет, олар балаға терезені бірнеше сантиметрден артық ашуға мүмкіндік бермейді, – деді Ақтөбе облысы ПД Жергілікті полиция қызметінің ювеналды полиция аға инспекторы Нұржан Мукумов.