Ресурстар

«Заманауи мектеп» қандай болмақ?

Павлодар облысында барлығы жеті мектеп жаңғыртылып, жаңадан салынуда

Өткен оқу жылын павлодарлық 113 мың оқушы мен 21 мың студент қашықтан оқыту режимінде аяқтаған болатын. Ал биыл шалғай елді мекендердегі 183 шағын жинақты оқу орнының 11 мың шәкірті сабақты мектепке барып оқиды. 173 орта білім беру мекемесінің 100 935 оқушысы бірінші тоқсанды қашықтан бастайды. Сондай-ақ, 43 техникалық және кәсіптік білім беру ұйымы қашықтан жұмыс істеуге дайын. 

Павлодар облысының әкімі Әбілқайыр Сқақовтың айтуына қарағанда, бүгінде облыстың мектептерінде 22 мыңға жуық компьютер бар. Таяу күндері тағы 18 мыңнан астам компьютер сатып алынбақ. 

Бұл ретте биыл аймақта бірінші рет «Заманауи мектеп» бағдарламасы қабылданғанын атап өту керек. Яғни, мектеп құрылысы мен жөндеудің бірыңғай стандарты қабылданып, құрылыс материалдары мен мектеп жиһаздарына қойылар талап күшейе түседі. Қазіргі уақытта облыс орталығындағы алты мектеп дәл осы бағдарламаға сәйкес жөнделуде.

IMG_20200821_160603_018.jpg Өңірде барлығы 74 білім беру мекемесінде күрделі жөндеу жұмыстары қолға алынған. Бұл мақсатқа бөлінген қаржы былтырғымен салыстырғанда 3,8 есеге көбейіп, 2,9 млрд теңгеге жетті. Ал облыстағы білім беру саласын қаржыландырудың жалпы  көлемі 1,4 есеге артып, 115,4 млрд теңгені құрады. 

IMG_20200821_160608_080.jpg